Суицид • 09 Желтоқсан, 2024

Атырауда 17 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болды

19 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 17 жастағы жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсамақ болды. Оқиға 9 желтоқсанда Берғалиев көшесінің бойындағы көпірде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 17 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Мұны байқаған полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жеткен.

- Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы жас жігітті мұндай әрекетке итермелеген себептерді анықтап жатыр. Тергеу басталды, - делінген полиция таратқан ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін бас прокурор Берік Асылов кейінгі кезде жиілеп кеткен суицид мәселесіне қатысты пікір білдірген еді.

- Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр дерек бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттады, - деп жазды Асылов Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.