17 Маусым, 2015

Қызылордада кәсіпкерлерге арналған семинар өтті (фото)

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17.06.2015-Kaipkerlyk 1АСТАНА. 17 маусым. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында аймақ кәсіпкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын бағалау өлшеміне қатысты оқыту семинары өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі хабарласты. Оқыту семинарын «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысушылардың құжаттарын қарап, бағалауда мол тәжірибесі бар үздік сарапшы-аудиторлар: «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің сарапшысы Бинара Төлегенова мен «НаЦЭкС» акционерлік қоғамының сарапшысы Ольга Ленева өткізді. Жоғарыда аталған шараларға қатысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің сарапшысы Бинара Төлегенова: «Астана экономкалық Форумының қорытынды есебіне сәйкес біз 50 бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ендік. Бәсекеге қабілеттілік – бұл бірінші кезекте халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартуға әсер ететін бірден бір фактор болып табылады. Қазір біз аталмыш шараларға қатысты тұжырымдамалар әзірледік. Осы талаптарға сәйкес «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы өткізілетін болады», – деді. Семинарға өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері мен сарапшылар қатысты. Шара қорытындысымен қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді. Айта кетейік, «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы қатысуға үміткерлер өтінімдерін 2015 жылғы 1 шілдеге дейін zh.skakova@palata.kz электронды мекен-жайына жолдай алады. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: Қызылорда облысы кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі. 17.06.2015-Kaipkerlyk 2 17.06.2015-Kaipkerlyk 3  
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20