Президент • 10 Желтоқсан, 2024

Ақтөбе облысының өнеркәсіп өндірісі 4 пайызға артты

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президентке Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысының өнеркәсіп өндірісі 4 пайызға артты

Фото: Ақорда

Облыс басшысының айтуынша, биылғы 11 айда аймақ экономикасының өсімі 6 пайызды құраған. Ал өнеркәсіп өндірісі 4 пайызға артып, осы жылдың алты айында шетелден тартылған тікелей инвестиция көлемі 175 миллион долларға жеткен.

П

Президентке Ақтөбе қаласының әуежайын мультимодалды хаб ретінде дамыту үшін мұнда арнайы экономикалық аймақ құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Бұл жобаға 1,2 триллион теңгеден астам инвестиция тартып, 5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Облыс әкімі Мемлекет басшысына өңірде жүзеге асырылып жатқан және 2025-2027 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалар туралы да айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе қаласында салынатын жаңа құрылыс нысандарының макеті таныстырылды. Президент тапсырмасына сай, шаһарда 700 орындық драма театры және 35 мың көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтермек.