Қоғам • 11 Желтоқсан, 2024

Үздіктер марапатталды

52 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семейде «Бірге! Бір толқында» дәстүрлі жастар форумы өтті. Бұл форум аймақтағы жастар ұйымдарының көш­бас­шы­лары мен еріктілерін, белсенділер мен өңірдегі студенттер клубтарының мүшелерінің басын біріктірді. Іс-шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жастар болашақтың қозғаушы күші екенін және оларға құрмет көрсету, шабыттандыру қажет екенін айтты.

Үздіктер марапатталды

Жастар ел болашағы болған­дықтан олар­дың осы бастан қо­ғам­ның қозғаушы күші ретінде бірегей бастамалардың басы-қасынан табылуы көңіл қуантады. Бүгінде облыс жастары жаңа идеяларды алға тартып, жүзеге асыруға батылдық танытып келеді. Өңірдің қоғамдық өміріне өң беріп, білім мен ғылым, өнер мен спорт, волонтерлік қызмет пен кәсіпкерлік салаларда ең­бек етіп, жетістікке жеткен за­ман­­дастар жетерлік. Форум ұйым­дастырудағы басты міндет – облыс­тың дамуына үлес қосқан жастар­дың ісін үлгі етіп көрсету.

Биыл өз саласын өрге сүйреп жастардың арасында үздіктерді анық­тау 7 аталым бойынша жүзе­ге асты. Байқауға 80-ге жуық үміт­кер өз құжаттарын тапсырып, бақ сы­на­ған. Жеңіске жеткен жастарға облыс әкімінің алғысхаты мен естелік сыйлықтар және ақшалай серти­фикаттар табыс етілді.

Қазылар алқа­­сының шеші­мімен «Жыл көш­­басшысы» болып Ерасыл Өмір­әлінов танылды. Сондай-ақ «Жыл­­­дың жас дарыны» Ерқанат Саду­ха­нов пен Мұхтар Қай­сар аталды. «Үздік жастар ре­сурс­тық орта­лығы» аталымын Аягөз ауданы мен Курчатов қала­сын­дағы жас­­тарды бір ортаға тоғыс­тырып қыз­мет атқарған мекемелер иеленді.

«Soul Voice» жобасының авторы Ерасыл Таев «Жылдың үз­дік жо­басы», Елдос Сейітбеков «Жыл­­дың жас еңбек адамы», Нар­гиз Сүлей­менова мен Аян Мәулет­ханов «Жыл­дың жас волонтері», Сағын­баев­тар отбасы «Жылдың жас отбасы» аталымымен марапатталды.

 

Семей