17 Маусым, 2015

Қостанайда татар-башқұрт халықтарының Сабантуй мерекесі тойланды (фото)

679 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
17.06.2015 QOS-4ҚОСТАНАЙ. 17 маусым. Қостанайда «Дуслық» татар-башқұрт этномәдени орталығы Сабантуй мерекесін атап өтті. Онда Татарстанның президенті Рустам Миннихановтың қостанайлық қандастарын Сабантуй мерекесіне жолдаған құттықтау сөзін Татарстан Республикасының халық әртісі, баянист, әнші Рамиль Құрамшин әкеліп оқып берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 17.06.2015 QOS-5Татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Ренат Бектеміров: «Сабантуй татар мен башқұрт халықтарының ежелгі мерекесінің бірі. Біздің аталарымыз Қазақстанда 200 жылдан артық тұрып келеді. Мысалы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Уфа мен Қазаннан татар саудагерлері Қостанай даласына келген. Облыстық «Достық үйі» ағайынды татар саудагерлері, кәсіпкерлері Яушевтердің пассажына орналасқан. Бұл татар саудагерлері басқа да меценаттармен бірлесіп, осы өңірдегі алғашқы мұсылман мешітін салған болатын. Ол да әлі күнге қостанайлық мұсылман жұртына қызмет етіп келеді, үш жылдан кейін оның 125 жылдығын тойлайтын боламыз. Ал биыл Қостанайда татар-башқүрт этномәдени орталығының ашылғанына 20 жыл толады.  Бұл қауымдастықтың бұлақ бастауында Зәкия Мухсинова, Тәнзила Хакимовалар тұрды. Қазір екеуі де арамызда жоқ. Иманды болсын, олар біздің жүрегімізде сақталады», деді. 17.06.2015 QOS-6Сабантуй бүгінде барша қазақстандықтардың ортақ, халықтық мерекесіне айналды. Мерекеге жиналғандар татар, башқұрт тілдерінде шырқалған әндерді тыңдады, билерді тамашалады. Ал жастар халықтық спорттық жарыстарды қыздырды. Қол күрестіруден,гір көтеру мен  бағанаға өрмелеуден озып шыққанға  татар халқының дәстүрімен қой сыйға тартылды. Мерекеге жиналғандарды, әсіресе балаларды татар-башқұрт дастарханы күтіп тұрды. Олар татардың мерекелік тағамдарын, самаурында қайнатылған иісі бұрқыраған шәйін ішіп мәз болды. Облыстық Достық үйінің директоры Әбдібек Божақов: «Сабантуй» қостанайлықтар үшін таныс, сүйікті мереке. Екі халықтың диқандары да егін егіп, жинап болғаннан кейін қуанған, оны атап өткен. Міне, бұл солай халықтық мерекеге айналған.  Мерекені бірге тойлаған қатар түркі халқының достығы да ғасырлар бойы бірге өріліп келген», деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz