Парламент • Бүгін, 13:37

Құрылыс – ел экономикасы өсімінің басты драйвері - депутат

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құрылыс саласын жетілдіру және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша Мәжіліс депутаты С.Мұсабаев бірінші оқылымда баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылыс – ел экономикасы өсімінің басты драйвері - депутат

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Депутаттың айтуынша аталған Заң жобасының негізгі мақсаты:

  • Әкімшілік рәсімдерді жеңілдету және нарыққа шығуға кедергілерді азайту арқылы құрылыс салушылар үшін жағдайды жақсарту;
  • Үлескерлерді қорғауды күшейту және қаражатты заңсыз тартудың алдын алу;
  • Үлестік қатысу саласында мемлекеттік реттеудің ашық және тиімді жүйесін құру.

Сонымен қатар, депутат ұсынылған өзгерістер туралы айтып өтті. Атап айтқанда, өзгерістер – құрылыс салушылар, үлестік салымдарға қолжетімділікті кеңейту, т. б қамтиды.

Баяндамашының айтуынша бұдан басқа, жұмыс тобы барысында депутаттар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңның қолдану шеңберін кеңейту мақсатында жеке тұрғын үй кешендерін салуға және осы саладағы мемлекеттік реттеуді күшейтуге бағытталған бірқатар түзетулерге бастамашылық еткен. 

Баяндаманың соңында Заң жобасын қабылдау мыналарды қамтамасыз ететіні айтылған:

  • Үлестік құрылыс нарығының ашықтығын және инвесторлар мен азаматтардың сенімін арттыру;
  • Нарыққа кіру кедергілерін азайту арқылы аймақтық құрылыс салушылар санын көбейту;
  • Үлескерлерді жосықсыз құрылыс салушылардан қорғауға кепілдік беру.

«Аталған заң жобасы үлестік қатысу саласында тұрақты, ашық және әділ реттеу жүйесін құруға бағытталған маңызды қадам. Оны қабылдау саланы сенімді дамытудың және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтудың кепілі болады», деп түйіндеді Мәжіліс депутаты С.Мұсабаев.