Фото: Sports.kz
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кәсіпқой бокстан Қазақстан құрамасының боксшысы Абылайхан Жүсіпов 2024 жылғы Азия Чемпионатында алтын медальді өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевпен сарапқа салды. Нәтижесінде, төрешілердің екіге бөлінген шешімімен отандасымыз қарсыласына есе жіберді.
Екі раундтан кейін қарсыластар арасындағы есеп тең болды. Осылайша, Хавасбек құрлық чемпионы атанса, Абылайхан чемпионатты күміспен аяқтады.
Абылайхан Жүсіпов әуесқой ретінде үш рет әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, сонымен қатар 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Профи рингте оның рекорды 4-0, 3 КО.
Бүгінге дейін Қазақстанның төрт спортшысы финалда сынға түсті: Санжар Ташкенбай (48 кг) Оразбек Асылқұлов, Дулат Бекбауов «күміс» жеңіп алды, ал Махмұд Сабырхан (54 кг) «алтын» еншіледі.