АСТАНА. 17 маусым. Мемлекет басшысы Түркияның тоғызыншы Президенті Сүлеймен Демирелдің қайтыс болуына байланысты Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан Президентінің көңіл айту жеделхатында түрік халқының ғана емес, барша түркі әлемінің мақтанышы болған, дүниежүзілік деңгейде кеңінен танымал саяси және мемлекет қайраткерінің өмірден озғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
«Мен Сүлеймен Демирелді адал әрі сенімді дос ретінде құрмет тұттым. Біз жиі кездесіп, пікір алмасып отырдық, көптеген игі бастамаларға жол аштық. Қазақстан халқы оны парасатты басшы, кемеңгер көсем, Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қарым-қатынастарға зор еңбек сіңірген тарихи қайраткерлер қатарындағы көрнекті тұлға ретінде әрдайым есте сақтайды», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың, сондай-ақ, жеке өзінің атынан Режеп Ердоғанға және бүкіл Түркия халқына шын ниетпен көңіл айтты.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 17 Маусым, 2015
Елбасы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше