Экономика • 12 Желтоқсан, 2024

Елімізде 25 мың жұмыс орны ашылады

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан экономикасын құрап отырған басым салаларда тағы ірі 17 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде 25 мың жұмыс орны ашылады

Фото: primeminister.kz

Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашуға жүйелі күш салу қажеттігін баса айтып, терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өткен болатын. 

Бұл жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелген. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтымақ.

Үкіметтің хабарлауынша, жобалар тізімі негізгі мына критерийлер бойынша таңдалған: 

  •  өнімді қайта бөлудің орташа және жоғары деңгейі;
  • экспортқа және импортты алмастыруға бағдарлану;
  • өндірілетін өнімге нарықтық сұраныс;
  • ел немесе аймақ экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығы – мультипликативті әсер.

Бұл жобаларға шамамен 15 трлн теңге инвестиция тартылып, 25 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Эколонмикалық жобалар сәтті жүзеге асса, экспорт көлемі 6 трлн теңгеге арттырып, импортқа тәуелділікті 1,5 трлн теңгеге  дейін төмендеу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Мейірім маршы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Бұйырған кетпейді

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Ең төменгі нота

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:02

Қолдан көлік құрастырған

Өнер • Бүгін, 08:00

Қолөнершілер бас қосты

Қоғам • Бүгін, 07:55