Білім • 12 Желтоқсан, 2024

Ел оқушылары халықаралық олимпиадада жүлделі болды

385 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бухарестте өткен XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды. Білім додасында Қазақстан атынан сынға түскен 6 оқушы да жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz. 

Ел оқушылары халықаралық олимпиадада жүлделі болды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

IJSO халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасына әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысқан. Ойы жүйрік оқушылар физика, химия және биология пәндері бойынша білімдерін сынады.

Қазақстан құрамасы сапында Айзере Жеңісханова – Өскемен қаласындағы ХБН НЗМ-нің 10-сынып оқушысы, Әділ Жиенбаев – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы, Анастасия Пономарева – Астана қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы, Әбдіжан Ибраимов – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы,  Мұнар Сағымбай – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы,  Әлихан Іскендір – Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы болды. 

Айзере Жеңісханова мен Әділ Жиенбаев IJSO -ның күміс жүлдесін еншілесе, қалған 4 білім алушы қола жүлдені Қазақстан қоржынына салып 100 пайыз нәтиже көрсетті. 

жж

Білімпаздар тобына Самат Мұратбекұлы Мақсұтов – PhD докторы, SDU доценті, Айдос Бекзатұлы Сәрсенбай – Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Мұхаммедәлі Ғаниұлы – SDU студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы жетекшілік еткен.

Айта кетейік, IJSO - 15 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған халықаралық ғылыми сайыс. Бұл олимпиада 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 2023 жылы Бангкокта өткен жарыста Қазақстан құрамасының барлық алты қатысушысы жүлдегер атанған болатын. Биыл да оқушылар Астанада екі апталық оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, ел намысын абыроймен қорғай білді.