03 Ақпан, 2015

Жеңіс неге тек Мәскеуде мерекеленеді?

263 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
ШарайнаШарайна Польшаның сыртқы істер министрі Гжегож Схетына Жеңіс күні неліктен тек Мәскеуде ғана аталып өтілетінін түсінбейтінін мәлімдеді. Оның ойынша, бұл мерекені Польшаның Вестерплатында да өз деңгейінде мерекелеуге болар еді. «Біздің бәріміз Жеңіс тойы Мәскеуде тойланатынына жеңіл үйреніп кеткенбіз. Ал егер бұл күн Лондонда немесе Берлинде атап өтілсе, ол бұрынғыдан да табиғи бола түспес пе еді?» дейді Схетына. Оның сөзіне қарағанда, Жеңіс күнін соғыс басталған жерде ғана атап өту тіпті де міндетті емес. Сөз орайында айта кетсек, Польша президенті Бронислав Коморовски екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын Еуропа елдерінің басшыларын шақыра отырып, 1939 жылғы 1 қыркүйекте екінші дүниежүзілік соғыс басталған Гданьск жанындағы Вестерплатт бұғазында атап өтуді жоспарлап отыр екен. Мадуро Байденге ауыр айып тақты Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байденді елде мемлекеттік төңкерістің жаңа кезеңін өткізуге бастамашылық ниеті бар деп айыптады. Мұндай мәлім­деме­сін ол 1 ақпан күні жасады. Шар-1Аталған күн ХІХ ғасырдың ортасындағы демократиялық көтерілісшілер қозғалысының көсемі Эсекиель Самораның туған күні ретінде аталып өтеді. «Солтүстік империяның билігі менің үкіметімнің тағынан тайдырылғанын қалайды. Осыған орай, мен Джо Байденді айыптаймын», делінген Н.Мадуроның сөзінде. Президент, сондай-ақ, салтанатты рәсімге қатысушыларды жоғары дайындықта тұруға шақырған. Өйткені, салтанатқа Венесуэла ұлттық қарулы күштерінің офицерлері де қатысса керек. Жанжалдасушылар билікті бөліп алды Оңтүстік Судан президенті Салва Киир мен көтерілісшілер көсемі Риек Машар кеше билік өкілеттілігін бөлісу туралы келісім жасасты. Бұл қадам 15 айдан бері жалғасып келе жатқан қарулы жанжалды түпкілікті реттеуге мүмкіндік береді деуге негіз бар. Тараптардың билікті бөлісу туралы келісіміне сәйкес, Киир жаңа әкімшіліктің президенті болып қалады, ал Машар вице-президенттікке тағайындалатын болады. Екі көшбасшы келіссөзді 20 ақпанда жалғастыру туралы уағдаласқан. Оңтүстік Судандағы саяси және этносаралық қақтығыстар 2013 жылдың желтоқсанында басталған еді. Ал Оңтүстік Судан жер бетіндегі ең «жас» мемлекет болып табылады. Ол 2011 жылдың шілдесіндегі референдумның қорытындысы бойынша тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланған-тын. АҚШ-тың бюджеті – 4 триллион доллар АҚШ президенті Барак Обама Конгреске 2016 жылдың бюджетін қабылдауды ұсынады. Алдағы қаржы жылының бюджет көлемі 4 триллион долларды құрайды. Қаржы тапшылығы 474 миллиард доллар немесе ІЖӨ-нің 2,5 пайызы шамасында болады деп күтіліп отыр. Конгреске барған кезінде Обама, сонымен қатар, тұрғындардың аса бай бөлігіне салықты ұлғайту жөнінде ұсыныс жасамақ. Табыстарын шетелдерде қалдыратын аса ірі корпорацияларға қатысты фискалды саясатты да қатаңдатуды ұсынатын болады. Сонымен бір мезгілде, АҚШ үкіметі әлеуметтік шығындар мен салықтық жеңілдіктер есебінен орта таптың табыстарын жоғарылатуды көздеп отыр. Обаманың жасайтын ұсыныстарына сәйкес, бюджет тапшылығы әр жыл сайын ұлғая отырып, 2025 жылға қарай 687 миллиард долларды құрайтын болады. «Әл-Жазира» журналисі – бостандықта Мысыр президенті Әбдел Фатах ас-Сиси 7 жылға бас бостандығынан айырылған Австралия азаматы, «Әл-Жазира» телеарнасының журналисі Питер Гристке рақымшылық жасап, түрмеден босатты. Ол «Мұсылман бауырлар» тыйым салынған қозғалысына қолдау көрсетті деп айыпталған болатын. EGYPT-JAZEERAӨткен жылдың 23 маусымында Каирдің қылмыстық соты Катардың «Әл-Жазира» телеарнасының 7 қызметкерін 7 жылға бас бостандығынан айырған еді. Журналистерге қатысты шығарылған үкім Батыс елдерінде және Австралияда үлкен қарсылық реакциясын туғызған болатын. Кезінде мұндай жазаға наразылығын, сонымен қатар, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Нави Пиллэй де білдірген еді. Енді Питер Грист өзінің басқа әріптестері де түрмеден босатылғанша тыныштық таппайтынын мәлімдеп отыр. Бақталасынан тәжді тартып алған ару Бразилияда да әлемнің көптеген елдеріндегідей арулар байқауы өткізіліп тұрады. Елде соңғы өткен байқауда оқыс оқиға болды. Miss Amazonas байқауына қатысушы Шейслане Хаялла жеңімпаз атанған Кэрол Толедоның тәжін ол оны басына киер-киместен тартып алып, жерге бір-ақ ұрған. Хаялланың пікірінше, Толедо тәжді «сатып алған». Әйтпесе, ару атануға мүлдем сәйкес келмейді. Оқиға барысын көрермендер бейнетаспаға жазып алып, интернетке салып жіберген. Онда әуелі екінші орын алған Хаялла бәсекелесінің табысына қуанған сыңай танытады да, бірнеше секунд өтер-өтпестен әсем әшекейді жеңімпаз қыздың басынан жұлып алып, жерге лақтырып жібереді. Бұл әрекетін Хаялла «Жүрегім бұйырған нәрсені жасадым», деп өзін ақтап алмақшы болған. Қысқа қайырып айтқанда: *Сирияның астанасы – Дамаск қаласында ливандық қажылыққа барушы шииттерді әкеле жатқан автобус жарылып, 7 адам қаза тапса, 20-шақтысы жараланған. Лаңкестікті «Әл-Каиданың» құрамына кіретін сүнниттік «Ан-Нусра майданы» тобы жасады деген күдік бар. *Солтүстік Корея америкалық авианосецті суға батырып жіберу бойынша жаттығу өткізген. Жаттығуға қолбасшылықты елдің басшысы, маршал Ким Чен Ынның өзі жасаған. Оның мәлімдемесінде өз елінің кез келген соғыста, тіпті, ядролық соғыста да кез келген жауға қарсы тұра алатыны атап көрсетіледі. *2 ақпанға қараған түні Нью-Йорктің орталығындағы Манхэттен ауданында атыс болды. Жергілікті билік өкілдерінің ақпараттарына қарағанда, атыс салдарынан 1 адам қаза тапса, 4-еуі жараланған. Олардың кімдер екені, не үшін атысқаны, ұсталғаны-ұсталмағаны туралы ештеңе айтылмайды. *Биржалық сауда-саттық барысында еуроның бағамы 79 рубльден асып түсті, нақтырақ айтқанда, 79,36 рубль болды. Ал 1 доллар үшін 70,13 рубль беріліп отыр. Brent маркалы мұнайдың 1 баррелінің бағасы Лондон биржасында 51,56 долларды құраған. Интернет материалдары негізінде әзірленді.