АСТАНА. 17 маусым. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен ғаламтордағы әскери тақырыпқа арналған блогерлер арасында үздік пост байқауын жариялады. Шығармашылық байқау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің позитивті имиджін нығайтуға үлес қосқан журналистерді, әскери сарапшыларды, медиа-кәсіп, қоғам өкілдерін, желілік журналистер мен блогерлерді көтермелеуге бағытталады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі күні ақпарат ағыны дәуірінде әлеуметтік желіде жазу жазатын блогердің рөлі айрықша. Блогерлердің қозғалысы немесе «азаматтық журналистика» және ол көтеретін тақырыптар тиісті лауазымды тұлғалар тарапынан назарға алынады және көптеген жағдайларда әртүрлі проблемаларды шешуде оң нәтижелерге қол жеткізеді. Қарулы Күштердегі оң өзгерістер, әскери қызмет пен әскери салт-дәстүрлерді, әскери қызметшілердің ер жүректігі мен батылдығының заманауи үлгілері туралы қоғамды ақпараттандырып, ел арасында әскери қызмет пен әскери дәстүрді насихаттап жүрген блогерлер армиялық қызметтің абыройын арттырып жүр.
Байқауға танымал Ғаламтор-тұғырнамаларда жалпыға қолжетімді блогтарды жүргізетін еліміздің азаматтары, тәуелсіз журналистер, блогерлер қатыса алады. Үміткерлер 2015 жылғы қаңтардың 1-і мен қыркүйектің 20-ы аралығында әлеуметтік желілер мен блогтарда жарияланған Қарулы Күштердің қызметіне арналған интернет-жарияланымдарды (мақалалар, эссе, сұхбат, суреттемелер және т.б.) ұсынуы қажет.
Жеңімпаздар «Басты калибр» – әскери тақырыпты жариялауға қосқан үлесі номинациясы, «Құлағы түрік» – үздік аналитикалық пост номинациясы, «Арт-обстрел» – үздік фоторепортаж аталымы бойынша анықталады. Әр аталымда бір жеңімпаз марапатталады. Байқау және оны өткізу шарттары туралы қосымша ақпаратпен қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми сайтында «Әскери пост» бөлімінде танысуға болады.
Талғат Райымбек.
Дерек: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Сурет: alashainasy.
• 17 Маусым, 2015
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі үздік блогерлерді марапаттайды

Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше