ПАВЛОДАР. 3 қаңтар. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Павлодардағы өндірістік кәсіпорындар басшыларымен кездесті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шара барысында Павлодар облысы әкімдігі, еліміздің ұлттық компаниялары және отандық тауар өндірушілері арасында тауар, қызмет көрсету және жұмыс сатып алу бойынша меморандумдарға қол қойылды.
Жергілікті қамтуды дамыту бойынша меморандумдарға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Еуразиялық топ» ЖШС, «КЕГОК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және басқалары қол қойды. Келісімнің жалпы құны 128 млрд. теңгеден асады. Жұмыс орындарын сақтау және өндірістік үдерістерді тұрақтандыру бойынша меморандумдарды «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС және өңірдің басқа кәсіпорындары да жасады.
Облыс әкімдігі, жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдары арасындағы меморандумдар негізінде жұмыс орындарын және өндірістік тұрақтылықтық сақтауға келісілді. Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, әлемдік экономикадағы дағдарыстың салқыны жергілікті өндіріс орындарының жұмысына әсер етпеуі үшін мемлекет тарапынан қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Отандық өндірушіні қолдау дағдарысқа қарсы саясаттың негізгі бағыттарының бірі екенін айтты.
«Үкімет еліміздің 80-нен астам ірі кәсіпорнының мәселелерін қарап, жергілікті қамтуды арттыру арқылы оларды қолдау бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады. Бұл бағытта мемлекеттік тапсырыстарды, сондай-ақ ірі ұлттық компаниялардың тапсырыстарын қазақстандық өндірушілерге басымдықты үлестіру жоспарланған», – деді Б. Сағынтаев.
«Әлемдік экономика нарығындағы жағдай өңіріміздің өндірістік кәсіпорындарының жұмысына әсер етуде. Жергілікті өндіріс ошақтарының өнімдерінің 65 пайызы ресейлік нарыққа экспорталатындықтан, нақты іс-шаралар жоспары қажет. Меморандумдар нәтиже береді деген ойдамын. Өңірдегі кәсіпорындар әлеуметтік жауапкершіліктерін орындап, өнімділік көрсеткіштерінің төмендеуіне жол бермеуі қажет», – деді Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Валерий Бугаев.

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05