ОРАЛ. 17 маусым. Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы көбейіп барады. Мұның басты себебінің бірі – ой-шұңқыры көп жолдар болып отыр. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған департаменттің әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Сәкен Хайруллиннің айтуынша, көлік апатының көбеюіне тағы бір себеп – өңірдегі автомобильдер санының өсуі. Оның саны 2010 жылдан бері 47,1 пайызға көтерілген. Ал 2015 жылдың бес айында 8,9 мың автомобиль есепке қойылған. Сондай-ақ, Орал арқылы өтетін транзиттік көлік тасқыны да ұлғайған. Алдағы уақытта 1 млн. 100 мың автокөлік Орал жолдары үстімен өтеді деп күтілуде.
Бақылау мен тексеру нәтижелері бойынша, облыстық маңызы бар жолдардың 27,8 пайызы ғана белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес екендігі анықталды. Көп жерлерде қосымша жол белгілері, арнайы жолақтар және бағдаршамдар қойылмаған. Соған байланысты жол-көлік ережелерін бұзушылардың саны да артуда. Одан бөлек, алкогольдік ішімдік ішіп көлік жүргізетіндердің саны 3,6 пайызға көбірек ұсталған. Бұл ретте жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар санының 8 пайызға қысқарғаны ғана көңілге медеу.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: aif.ru.
• 17 Маусым, 2015
Батыс Қазақстан жолдарының 27,8 пайызы ғана қауіпсіз

Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше