фото: ҚТФ баспасөз қызметі
Қазақстан теннисшісі ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге 18 жасқа дейінгілер арасында үздік атанды.
«Отандасымыз бен Ресей спортшысы финалда швейцариялық Анри Берно – чехиялық Денис Петакпен бас жүлдені сарапқа салды. Омарханов – Дерипаско камбэкпен жеңіске жетті. Есеп: 3:6, 6:1, 10:1», деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Orange Bowl жыл сайын Плантейшенде өткізіледі. Жарыс жасөспірімдер арасында ресми емес әлем чемпионаты болып есептеледі.