Фото: kzchessfederation
Жаһандық шахмат төрінде Қазақстан жастары ел беделін асқақтатып, блиц бойынша керемет нәтижеге қол жеткізді: 2 алтын, 1 күміс, 1 қола.
Елназ Қалиахмет (G14) – 16 ұпай (алтын).
Даниял Сапенов (O16) – 16½ ұпай (алтын).
Амина Қайырбекова (G18) – 16 ұпай (күміс).
Мирас Асылов (O16) – 16 ұпай (қола).
Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше байрақты бәсекеге 36 елден 320-дан астам жас шахматшы қатысты, олардың арасында 1 гроссмейстер, 4 халықаралық шебер, 54 ФИДЕ шебері бар. Отандастарымыз 22 турлық швейцариялық жүйеде блиц форматында (3+2) тамаша өнер көрсетті.
Нәтиже көрсеткен спортшылар:
Айару Алтынбек (G14) – 14 ұпай (4-орын).
Артём Богданов (O14) – 14 ұпай (11-орын).
Иманғали Ахилбай (O16) – 14 ұпай (9-орын).
Алихан Хажатулы(О14) - 14 ұпай (12-орын).