Экономика • 17 Желтоқсан, 2024

Мемлекеттік бюджеттің кірісі 19 трлн теңгені құрады

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкімет отырысында 2024 жылдың 11 айындағы қаржылық көрсеткіштерді баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекеттік бюджеттің кірісі 19 трлн теңгені құрады

Фото: egemen.kz| Ерлан Омар

Вице-министрдің мәліметінше, мемлекеттік бюджеттің кірісі 19 трлн теңгені құрап, бұл жоспардың 90%-ын қамтыған.

Республикалық қазынаға жоспарланған қаржының 82 пайызы түскен.  

«Жоспарды орындамаудың негізгі себептері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 ай ішінде үшінші елдерден импорт көлемінің 6,4%-ға немесе $2,3 млрд-қа азаюына; негізгі экспорттық металдар бағасының төмендеуіне байланысты, бұл өз кезегінде 602 ірі салық төлеушілер бойынша аванстық төлемдер сомасының 267 млрд теңгеге төмендеуіне әсер етті», деді Ержан Біржанов.

Ал жергілікті бюджеттердің кірісі 108 пайызға орындалып, 7,2 трлн теңгені құраған. Осылайша, жоспар 525 млрд теңгеге асыра орындалған.

Бюджет шығыстары мемлекеттік бюджет жоспарланған 100 пайыздың 94%, республикалық – 96%, жергілікті – 92% пайызды құраған.