![Президент Эмманюэль Макронға көңіл айтты](/media/2024/12/18/crop-4_6_442x784_3b2d4ad2-b891-46eb-bb74-12aeabd70fb4.jpg)
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.