Теннис • Бүгін, 12:00

Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтетін беделді турнирде өнер көрсетеді

26 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-22 желтоқсан аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) World Tennis League атты ірі теннис турнирі өтеді. Аталмыш жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының екі спортшысы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтетін беделді турнирде өнер көрсетеді

фото: olympic.kz

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, спорттық шараға Елена Рыбакина және Александр Шевченко қатысады.

Рыбакина Falcons командасының сапында өнер көрсетсе, ал Шевченко Eagles құрамына енді.

Falcons: Андрей Рублев (Ресей), Денис Шаповалов (Канада), Елена Рыбакина (Қазақстан), Каролин Гарсия (Франция).

Eagles: Александр Шевченко (Қазақстан), Стефанос Циципас (Грекия), Ига Швентек (Польша), Паула Бадоса (Испания).

Kites: Ник Кирьос (Австралия), Каспер Рууд (Норвегия), Симона Халеп (Румыния), Жасмин Паолини (Италия).

Hawks: Джордан Томпсон (Австралия), Сумит Нагал (Үндістан), Мирра Андреева (Ресей), Арина Соболенко (Беларусь).