Мәселен, 2022 жылы Аршалы ауданының «Бабатай-Волгодоновка-Береке-Бұлақсай» учаскесін салуға жергілікті бюджеттен 4,4 млрд теңге бөлінген.
2023 жылы кеткен қаражаттарды саралау кезінде шығындарға уақытша айналма жолды ұйымдастыруға кететін шығындар кірген. Бұл ретте осы жол жұмыстарының бағасы негізсіз 764 млн теңгеге ұлғайған.
Талдау қорытындысы бойынша, Ақмола облысының әкімдігі жобаның бағасын қайта қарады. Үнемдеу есебінен пайда болған қаражатқа Целиноград ауданының Қоянды ауылында су тасқыны кезеңінде еріген сулардың қауіпсіз өтуі үшін су бұру арнасы салынды.