Оқиға • 19 Желтоқсан, 2024

Рашит Ахметов қызметінен босатылды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Жоғары аудиторлық палата мүшесі Рашит Ахметовтің өкілеттігін тоқтатып, қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рашит Ахметов қызметінен босатылды

Фото: Жоғары аудиторлық палата

«ҚР Парламенті Сенатына 2022 жылдан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, одан кейін Жоғары аудиторлық палатасының мүшесін қызметінен босату туралы өтініш түсті. Жоғары қаржы бақылау органы Сенат регламентінің 81-4-тармағына сәйкес Қаржы және бюджет комитеті Парламент Сенаты тағайындаған Жоғары аудиторлық палата мүшесі Ахметов Рашит Сайранұлының өкілеттігін тоқтатып, қызметінен босатуды ұсынады», деді Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов.