Спорт • Бүгін, 14:15

Пара би спортынан Азия-Тынық мұхиты чемпионаты аяқталды

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада осы айдың 16-17 күндері тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара биден Азия және Тынық мұхиты аймағының ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пара би спортынан Азия-Тынық мұхиты чемпионаты аяқталды

Фото: CSP-parasport.kz.

Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тайвань, Жапония, Оңтүстік Корея, Мексика елдерінен және Гонконг, Тайбэй қалаларынан барлығы 60-қа жуық пара спортшы қатысып, комби-стандарт, комби-латина, дуо-стандарт, дуо-латина, фристайл, сингл номинациялары бойынша сайысты.

CSP-parasport.kz мәліметінше аталған жарыста отандасымыз Айгүл Балмагамбетова алтыннан алқа тақты.