«Отандық шикізат өңдеу, өнімдер мен қызметтер өндіру және оларды сату саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың ең өзекті мәселесінің бірі – газ бен коммуналдық қызметтердің жоғары тарифтері болып отыр. Соңғы жылдары табиғи газ тарифтері үнемі өсу тенденциясына ие болып, өткен екі жылда газ бағасы 200%-дан астам көтерілді, бұл өз кезегінде кіші және орта тараптағы кәсіпорындардың қаржылық жүктемесін айтарлықтай арттырды», деп атап өтті Амангелді Нұғманов.
Сенатор бекітілген тарифтеу жүйесі жүктемені әділетсіз бөлуге алып келетінін айтты. Оның пікірінше, уақтылы шара қабылданбаса, кәсіпорындардың өндіріс қарқынының төмендеу қаупі бар, бұл өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға теріс әсер етеді. Сенатор Нұғманов осы проблемаларды шешу үшін шағын және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған газ бен электр энергиясының тариф саясатын қайта қарауды ұсынды.
«Шымкент қаласында қолданылған тәжірибе толық дәлелденді, онда индустриалды және арнайы экономикалық аймақтың резиденттері коммуналдық қызметтер тарифтерін қайта қарау арқылы жеңілдік алды. Бұл электр энергиясының тарифін төмендетуге мүмкіндік берді. Қолданылған тәжірибе өзінің тиімділігін көрсетті және оны жалпы еліміз бойынша отандық өндірісті дамыту мақсатында қолдану қажет. Аталған шаралар кәсіпкерлердің жұмыс тиімділігін арттырып, өнімділікті сақтауға, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге және жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, болашақ инвестициялар үшін тартымды климат қалыптастырады», деді Амангелді Нұғманов.