Фото: police_ _astana, инстаграм
71-дегі зейнеткер мен оның үйіне қонаққа келген туысының арасында болған ұрыстың соңы ұрлықпен аяқталған. Әйел сол үйде ашық тұрған шкаф сөресінен ақша көріп қалып, еш ойланбастан қаражатты (1 миллион 500 мың теңгеден астам) сөмкесіне салып, тайып тұрған.
Ақшасынан айрылғанын зейнеткер бірнеше күннен кейін біліп, полицияға арызданған. Қомақты сома иесіне қайтарылды.