Фото: gov.kz
Жетісуда төрт түліктің саны 2,5 миллион басқа жеткен. Сол сияқты ет пен сүт өндірісі артып отыр.
Аймақ басшысының айтуынша, 2024-2026 жылдары жалпы құны 33,2 млрд теңге болатын 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, соның 13-і биыл іске қосылды. Атап айтқанда, олар – 4 тауарлы сүт фермасы, 1 бордақылау алаңы, 1 сүт цехы, 7 суару жобасы.
«Облыста жаңа суармалы жерлерді көбейту үшін ирригациялық желілерді қайта жаңарту мақсатында биыл 35,6 млрд теңгеге су шаруашылығының 11 объектісінің құрылысы жүргізіліп жатыр, оның
4-уі аяқталды, қалған объектілер 2025 жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде 5,3 мың гектар суармалы жер қосылып, 37,1 мың га жерді сумен қамтамасыз ету жақсарады», деді Б.Исабаев.