Алдымен сөз алған сектор меңгерушісі биылғы барлық іс-шаралар Ассамблея жылы аясында өтіп отырғандығына назар аудартты. Сондай-ақ, Л.Прокопенко кезектен тыс президенттік сайлаудағы Н.Ә.Назарбаевтың жеңісі халықтың Елбасы реформаларының бағытын қолдайтындығын көрсеткендігін тілге тиек етті. Сондықтан да, ұлықтау рәсімі тәуелсіз Қазақстан тарихында дамудың жаңа кезеңіне аяқ басудың бастапқы нүктесі болып табылады. Мұның барлығы «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатымен, бес институттық реформамен және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық жобасымен қабысып жатыр.
Әрине, мұның барлығы жаһандық күрделі геосаяси жағдай мен әлемдегі әскери-саяси шиеленістің өрбуіне қарамастан, Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосылуына жеткізуі тиіс. Бұл тұрғыдан келгенде, Президенттің бейбітшілік пен келісім саясаты реформалар жүргізуді қамтамасыз етіп отыр.
Бұдан кейін сөз алған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафедрасының меңгерушісі биылғы Ассамблея жылы рухани толысу жылы болуға тиіс дегенді баса айтты. Анатолий Башмаковтың сөзіне қарағанда, төрт негізгі айтулы мереке бір-біріне сәйкес келмейтіндей сияқты көрінгенімен, олардың астарында өзіндік бір байланыс жатыр. Егер осыларды қастерлей білсек, онда өскелең ұрпақтың бойында өз тарихына деген құрметті қалыптастыра аламыз, деген кафедра меңгерушісі Елбасының сенімді өкілі ретінде өңірлерді аралаған кезінде тұрғындардың рухани қуатын сезінгендігімен де бөлісе кетті.
«Кез келген шетелдерде президенттік сайлауда әр кандидатты қолдаған халық жақ-жаққа бөлінсе, Қазақстанда керісінше саяси науқан кезінде халық жұдырықтай жұмыла түскендігін көрсетті», деді А.Башмаков.
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлтаралық байланыстарды зерттеу орталығының басшысы Айгүл Сәдуақасова «Бүгіннен бастап еліміздің жаңа тарихи беті ашылды деуге болады. Өйткені, кеше ғана Қазақстан Республикасының Президенті өз лауазымына тағайындалып, өз қызметін бастап кетті. Биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен байланысты көптеген шаралар іске асып жатыр. ҚХА біріктіруші институт ретінде қалыптасты, Елбасының өзі айтқандай, 17 миллион қазақстандықтың басын қосып, бір мақсатқа жұмылдырды. Қазақстандықтардың бір адамдай өз таңдауларын жасауы – осы жұмыстың нәтижесі», деді.
Қарағанды облыстық «LITUANICA» литва мәдени бірлестігінің төрағасы өз кезегінде өңірде 24 этномәдени бірлестіктің нәтижелі жұмыс жасайтындығына назар аудартты. Виталий Тварионас бұл бірлестіктер өздерінің тарихи отандарымен байланыстар орнатып қана қоймай, Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығына ерекше үлес қосып та келе жатыр дегенді баса айтты. Сондай-ақ, Ассамблея мүшелері өңірде су тасқыны салдарынан жапа шеккендерге нақты көмектер көрсетіп, арнайы есепшотқа 6 миллион теңге де аударыпты. Және де қолдау ретінде бірнеше тонна болатын әртүрлі жүктер мен азық-түліктер жеткізіп берілген.
Ал жақында өткен кезектен тыс сайлау халқымыздың тұтастығы мен бірлігін және де халқымыздың жасампаздыққа ұмтылуын тағы бір паш етті, деді мәдени бірлестік төрағасы.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20