
Фото: polisia.kz
Қаскөйлер ломбардтың кілтін алып, қызметкердің түскі үзіліске шыққан сәттін күткен. Кейін ішке кіріп, жалпы құны 45 миллион теңгені құрайтын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадағы бір жарым миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен.
Күдіктілер қаладан із суытып, елдің батысында бой тасалаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді Орал қаласындағы үйлердің бірінің ауласында ұстаған.
Олар тұрғын үйді жалға алмақ болған. Күдіктілердің басқа елдің азаматтары екені анықталды. Қазіргі уақытта олар қамауда отыр.
ІІМ ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті.