
Фото: Ашық дереккөз
«Азаматтар еліміз бойынша ұшақтарда, пойыздарда цифрлық құжаттар базасы негізінде жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз алаңсыз жүре алады. Биыл 200 млн-нан астам қызмет көрсетілді», деді Жаслан Мәдиев.
Тағы бір мысал – онлайн нотариус. Азаматтар Қазақстаннан тыс жерде болса да онлайн қызмет ала алады. Мұндай қызметтер 175 мыңнан астам рет көрсетілген.
Жаслан Мәдиев азаматтарға автоматты түрде, олардың өтінішінсіз ұсынылатын проактивті қызметтерді енгізудің маңызын атап өтті. Сонымен қатар министр атаулы әлеуметтік көмектің құралына айналған әлеуметтік әмиянды енгізу туралы айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз екі негізгі қызметтен бастадық: оқушыларға тегін ыстық тамақ беру және тегін дәрі-дәрмек ұсыну», деді Ж.Мәдиев.
Айта кетейік, бүгінде 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. 2 мыңнан астам мектеп қамтылған. Мемлекеттік дәріханалар жүйеге толығымен қосылған және қазірдің өзінде 1,5 млн-нан астам рецепт берілген.