Фото: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы
Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілердің бірі төлем терминалының алдында тоқтаған, ал екінші жүк көлігі тежеу жүйесінің істен шығуына байланысты баяулай алмаған. Екі жүк көлігінің соқтығысуы нәтижесінде ешкім зардап шекпеді.
«Бұл жағдай автомобильдерді уақтылы техникалық тексеруден өткізудің маңыздылығын тағы бір рет еске салады. Әсіресе қыс мезгілінде темір тұлпардың тежегіш жүйесінің, шиналардың және басқа да негізгі тораптарының күйін үнемі тексеру қажет», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерге шлагбаумдар мен төлем терминалдарының алдында сақ болуды және жылдамдықты төмендету қажеттілігін ескертеді.