Қоғам • Бүгін, 09:30

Айырбастауға шағым жиілеген

25 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк 1996–2013 жылдар аралығында шығарылған қолма-қол долларға қатысты азаматтардан түсетін шағымдардың жиілеп кеткені туралы мәлімдеді. Оған себеп айырбастау бекеттерінің айырбастаудан бас тартуы екен. Ел аумағында шетел валютасы операцияларына қатысты қандай тәртіп бар?

Айырбастауға шағым жиілеген

Бас банктің айтуынша, егер банкноттар бүлінбеген, айналымда жарамсыз деп танылмаған болса, айырбастауда еш кедергі туындамауға тиіс. Комиссия да ұсталмайды. Ескерте кетейік, айырбастау пункттері алатын комиссия банкноттар жарамсыз болған жағдайда алынады.

Егер айырбастау пункті комиссия алса немесе шетел валютасын шыққан жылына қарай қабылдаса, валюта айырбастау­дан негізсіз бас тартса, сол айыр­бастау пункті орналасқан жер­дегі Ұлттық банк аумақтық филиа­лына шағымдану қажет. Айт­­пақшы, шағыммен қатар барлық қажет ақпарат пен құ­­­жатты қоса көрсеткеніңіз абзал. Сонда ғана заңға сәйкес шара қолданылады.

Касса операциялары мен банкноттарды, монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау ережелеріне сәйкес, банк клиенттен қолма-қол ақша қабыл­дау, клиентке қолма-қол ақша беру секілді касса опе­­­­ра­­­ция­­ларын жүзеге асырады. Бұлар банк туралы заңның 30-бабында көрсетілген.

Демек екінші деңгейдегі банк­тер кассалық операцияларды жү­­­­зеге асырғаны үшін алынатын ко­мис­­сияларды өздерінің ішкі та­рифтік саясатына сәйкес белгі­леу­ге құқылы.