01 Мамыр, 2015

Алматыда белгілі әнші Батырхан Шөкеновті жерлеу рәсімі өтті (фото)

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01.05.2015-B.Shokenob 01АЛМАТЫ. 1 мамыр. Қала тұрғындары мен қонақтары, әншінің ағайын-туғандары – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, отандық эстрада өнерінің ерекше дарын иесі, атақты музыкант Батырхан Шөкеновті мәңгілік сапарға шығарып салды. Бұл туралы egemen. kz хабарлады. Қайғылы қоштасудың қаралы митингісі Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтті.Таңертеңнен ғимараттың алдына мыңдаған адам жиналды. Әншінің жақындарына қала әкімінінің міндетін атқарушы Ахметжан Есімов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Муз ТВ» (Мәскеу) телеарнасының басшысы Арман Дәулетияров және қазақстандық танымал өнер қайраткерлері көңіл айтты. Еске сала кетейік, Батырхан Шөкенов 53 жасында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Атақты музыкант Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen. kz. B.Shokenob 02 B.Shokenob 03