Балалар • 26 Желтоқсан, 2024

Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының зейнеткерлері «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілеріне арнап шырша мерекесін өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды

Мерекелік кешке қатысқан 15 бала Аяз ата мен Ақшақарға ән салып, тақпақ айтып берді. Өнерпаз зейнеткерлер бүлдіршіндермен бірге ән айтып, мультфильмдерінің кейіпкерлеріне айналып, көрініс көрсетті.

Жағымды атмосфераны жаңа жылдық сыйлықтар толықтырып, барлық балаларға тәттілер мен ойыншықтар таратылды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды шырша мерекесімен құттықтауға келген «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» басшылығына, Байқоңыр ауданы әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің өкілдеріне жаңа жылдық кештің қонақтары ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Фото