Экономика • Кеше

Үнемделген қаражатқа ауылшаруашылығына қажетті дрондар сатып алынды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл жаз мезгілінде шегірткелер 2,5 миллион гектар аумаққа таралды. Ауылшаруашылық министрлігі іс жүзінде 3,1 миллион гектар аумақта химиялық өңдеу жүргізгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Үнемделген қаражатқа ауылшаруашылығына қажетті дрондар сатып алынды

Фото: Ауылшаруашылығы министрлігі

Алқаптардағы шегірткені жоюға республикалық бюджеттен 4,2 млрд.теңге, ал Үкімет резервінен  3,9 млрд. теңге бөлінген. 

Жауапты министрлік мәліметінше, уақытылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде дақылдардың зақымдалуына, көрші мемлекеттердің аумағында шегірткелердің көші-қонына жол берілмеген. 

Осы бағыттағы қорғаныс шараларына 2500-ден астам адам қатысып, 427 бүріккіш техника жұмылдырылған. 

Пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтерін мемлекеттік сатып алу кезінде Үкімет резервінен қаражат есебінен 694,78 млн. теңге көлемінде үнемделген.

Үнемделген қаржыға 7 зерттеу дроны, 46 химиялық өңдеу дроны және 38 автомобиль сатып алынған. 

Бұл техникалар  шегірткелердің дамуы мен таралуын бақылап, дәстүрлі бүрку әдістерін атқару мүмкін емес жерлерде химиялық өңдеу үшін қолданылмақ.