Фото: Астана қаласының әкімдігі
Қала әкімдігінің мәліметінше, Астанадан өткен түнде 2 765 рейспен 37 968 текше метр қар шығарылған. Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 138 644 рейс арқылы 1 780 577 текше метрден астам қар шығарылды.
«Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады. Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие», делінген хабарламада.
Айта кетейік, қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.