Аймақтар • Кеше

Оралда екі жылда 53 жаңа автобус алынды

26 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы қоғамдық көлік қызметі екі жылда 53 жаңа автобуспен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оралда екі жылда 53 жаңа автобус алынды

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Қалада жылына шамамен 53 млн жолаушы тасымалданады. Қоғамдық көлік қызметін жақсартып, тұрғындардың жол жүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында өткен жылы қалалық тасымалдаушылар 34 бірлік жаңа автобус сатып алса, биыл тағы 19 жаңа автобус желіге қосылды.

Осының нәтижесінде ескірген қоғамдық көліктің мөлшері 32%-дан 22%-ға дейін қысқарды.

Жаңа қоғамдық көліктерде автобустардың жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғы бар. Сол арқылы жолаушы өз смартфонынан қажетті автобустың қай жерде келе жатқанын «көре» алады. Сондай-ақ бұл автобустарда арбаға арналған пандус, LED-экран, дезинфекция үшін ультракүлгін лампа және бейнебақылау құрылғысы орнатылған.

Әлеуметтік маңызы бар маршруттарда тасымал шығынын субсидиялаудың пайдасы көп. Жыл сайын қалалық кәсіпорындарға бюджеттен бөлінетін субсидия көлемі артып келеді. Қазір барлық маршрутта жолақы төлеудің электронды жүйесі енгізілді. Соның арқасында бюджетке салық түсімі еселеп артқан.

 

Батыс Қазақстан облысы