Фото: weacom.ru
«27 желтоқсаннан бастап Қазақстанның батысында, кейін оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Ел аумағында тұман түсіп, солтүстік өңірлерде жел күшейеді», деп хабарлады синоптиктер.
Республиканың басым бөлігінде температура өз климаттық нормаларынан жоғары, алайда солтүстік аймақтарда ауа температурасының сәл төмендеуі күтіледі: түнде -7...-15°C, күндіз -5...-10°C аяз болады. Елдің қалған бөлігінде температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.
Болжамға сәйкес, алдағы екі тәулікте солтүстік және шығыс өңірлер әлі де солтүстік-батыс циклоны ықпалында болады, соның салдарынан қар жауып, боран соғады. Тек 28 желтоқсанда кезекті антициклон әсерімен елдің солтүстігінде ауа райы ашық болады.