Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024

Жетісуда 72 кәсіпкерге заңсыз салық салынған

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясында салық органдарының заңсыз әрекеттерінен жеке кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады.

Жетісуда 72 кәсіпкерге заңсыз салық салынған

Фото: Ашық дереккөз

Салық кодексінің 490-бабы 3-бөлігіне сәйкес, арнайы салық режимін қолданатын шаруа қожалықтарының басшылары мен мүшелері көлік құралдарына салынатын салықтан босатылған.

Алайда, Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық салынуға жатпайтын көлік құралдарының иелеріне заңсыз хабарламалар жіберіп отырған.

Мысалы, салық салуға жатпайтын қозғалтқыш көлемі 2500 текше сантиметрге дейінгі бір жеңіл автокөлігі бар фермер қожалығының басшысына хабарлама жіберілген.

Тексеру барысында тағы 72 кәсіпкерге қатысты осындай бұзушылықтар анықталды.

Барлық заңсыз хабарламалар жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше