Қоғам • 28 Желтоқсан, 2024

Бочча федерациясының жас параспортшыларымен кездесті

46 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы, Қазақстан бочча федера­циясының прези­денті Мәулен Әшімбаев Федера­ция спортшыларымен және жаттықтырушы құрам­мен кездесті. Сұхбат кезінде биыл атқарылған жұмыс қорытындыланып, 2025 жылға жоспарланған жарыс­тарға дайындық барысы және алдағы маңыз­ды міндеттер талқыланды.

Бочча федерациясының жас параспортшыларымен кездесті

М.Әшімбаев боччаны серік еткен жас спортшыларға ілтипат білдіре келіп, олардың осы жылда өткен жарыстарда шеберлік танытқанын және атлеттердің табандылығы мен жоғары деңгей­дегі ерік-жігерін айрықша атап өтті. Сондай-ақ ол Мемлекет бас­шысы инклюзивті қоғам құруға баса мән беріп, тиісті орган­дарға нақты міндеттер жүктегенін тілге тиек етті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев инклюзивті қоғам құруды және Әділетті Қазақстан қа­лыптастыруды мемлекеттік сая­саттың негізгі басымдығы ретінде белгілеп берді. Осы ретте боччаны дамыту елімізде ынтымақ­тастық, өзара түсіністік және инк­люзия мәдениетін қалып­­тас­тыру жолындағы озық үлгілер­дің бірі екені анық. Бочча­ның пара­лимпиадалық спорт түрі екенін ескерсек, біздің параатлет­тері­міз үшін алдағы уақытта әлем­дік ірі сайыстарға қатысуға мүм­кін­дік мол. Сіздердің табан­ды­­лық­­тары­ңыз бен ерік-жігер­лері­ңіз әр­дайым жарқын жеңістерге жете­лейді деп сенемін», деді Сенат спикері.

Сонымен қатар М.Әшім­баев Қазақстан бочча феде­ра­циясы­ның қызметін қо­ры­тындылап, алдағы жұмыс жоспарына тоқтал­ды. Оның айтуынша, отандық парас­­порт­­шы­лар­дың іргелі жарыс­тар­­дағы же­ңіс­терінің арқас­ында өтіп бара жатқан жыл табысты болды.

Атап айтқанда, биыл боччадан ашық республикалық турнир, Қазақстан чемпионаты мен ел Кубогі үшін жарыс­тар және бірнеше маңызды іс-шара ұйымдастырылды. Сон­дай-ақ жаттықтырушылар мен төрешілер ресми аттестациялау­дан өткізілді. Бұл спортшыларды халықаралық стандарттар бо­йынша жаттықтыруға жол ашады. Одан бөлек, боччадан ұлттық құраманың құрамы жаңартылды.

«Спортшыларымыз отандық және әлемдік жарыстарда белсен­ділік таныта білді. Осы ретте боччадан халықаралық чел­ленд­жерлерді ерекше атап өткім келеді. Сол сайыстарда Қазақ­стан құрамасы айтарлықтай нәти­­же­лерге қол жеткізді. Сон­дай-ақ елімізде боччашылар қауым­дастығының даму қарқы­ны көңіл қуантады. Қазіргі таңда 20 өңірдің 11-інде бочча үйірме­лері ресми түрде жұмыс істеп ке­леді. Алдағы уақытта бүкіл елді қамтуды жоспарлап отырмыз. Тағы бір айта кетер жайт, 12 пара­ат­летіміз «Қазақстан Респуб­лика­сының спорт шебері» атанды. Жасөспірімдер қатарынан тағы 10 атлет спорт шеберіне үміт­керлер санатына қосылды. Келесі жылы «Astana Boccia Challenger» ірі халықаралық тур­нирі өтеді. 20-ға жуық елдің өкіл­дері қатысатын бұл сайыс алдағы жылдың басты оқиғасы болмақ», деп М.Әшімбаев осындай ауқым­ды жұмыстың жүйелі жүр­гізі­луіне белсенді атсалысып, қол­дау көрсетіп келе жатқан спорт­­шы­ларға, ата-аналарға, жаттық­тырушылар мен төрешілерге алғыс білдірді.

Айта кетейік, биыл Финлян­дия­да өткен халықаралық жа­рыста отандық боччашы­лар жеке және командалық сында 3-орын алды. Бахрейнде болған ірі турнирдің жекелей сынында Алмат Рехат күміс медаль еншілесе, Итиана Шыңғысханова қола жүлдеге қол жеткізді. Сон­дай-ақ Руслан Ерембаев пен Эльмира Мүсірәлиева жұптық жарыс­та үшінші орыннан көрінді. Ал Қуаныш Асқарбеков, Алек­сандр Курмантаев және Итиана Шыңғысханова командалық са­йыста жеңіс тұғырының екінші сатысына жайғасқан еді.