Егемен Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2024

Қуаныш – С.Бердіқұлов сыйлығының лауреаты

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Спорт саласындағы жыл үздіктері марапатталды. Салтанатты жиынға Парламент депутаттары, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары, спорт журналистері қатысты.

Қуаныш – С.Бердіқұлов сыйлығының лауреаты

Жиында Туризм және спорт министрі Ербол Мыр­­забосынов 2024 жыл отан­дық спорт үшін ерек­ше жыл болғанын жеткізді. Қазақ спорт­шы­лары биыл халық­ара­лық ірі додаларда табысты нәти­же көр­сетсе, елімізде ірі жа­рыс­тар ұйымдастырылды. Оның бірі V Дү­ниежүзілік көшпелілер ойы­ны. Дүбірлі додаға әлем­нің 89 елінен спортшылар қа­тыс­ты. Қазақстан құрамасы жал­пы­командалық есепте топ жарды.

Сонымен жыл қорытындысы бойынша «Үздік» деп таныл­ғандар: Елдос Сме­тов, Давид Дег­тярев – «Жылдың үздік спорт­­шысы»; Ғалымжан Жыл­­гелдиев, Юрий Ко­лес­­ников – «Жылдың үздік жаттық­ты­рушысы»; Ақ­марал Науатбек – «Спортта үздік сер­­пін» сый­лығымен марапатталса, ал әріп­тесіміз Қуаныш Нұр­данбек­ұлы «Жылдың үз­дік спорт жур­налисі» ре­тінде Сейдахмет Берді­құлов атындағы сыйлық­тың лауреаты атанды. Со­нымен қатар осы аталымда Жан­дос Айтбайұлы («Хабар» телеарнасы), Назерке Сұлтанбек («Sport+» сайты) марапатталды.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50