Сурет: dknews.kz
Тұрақты даму – әлем мен ресурстарға жауапкершілікпен қарау философиясы, ал ESG – тұрақты дамуға жауапты тәсілдер арқылы үлес қосуға мүмкіндік беретін құрал. Тұрақты даму туралы есеп беру стандарттарының саны жыл сайын өсіп келеді. Олардың ішінде Global Reporting Initiative Standards ерекше көзге түседі. ESG тәжірибелері бойынша Қазақстанда жүргізілген салалық сауалнама деректері бойынша, бұл стандартпен 86% компания жұмыс істейді (2023 жылы – 62%).
Бұл не үшін қажет?
Жаһандық жылынуға үлес қосатын факторлардың үштен бірінен астамы атмосферада жылуды CO2-ге қарағанда әлдеқайда күшті ұстап тұратын парниктік газ, яғни метан шығарындыларына тиесілі. Метан – табиғи газдың негізгі компоненті, ал мұнай-газ өнеркәсібі метан шығарындыларының ірі өнеркәсіптік көзі.
ESG есебінің мазмұны – КПО мысалында
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» Қазақстандық филиалы – 1998 жылы Нидерландта тіркелген халықаралық мұнай-газ компаниясы. Компания БҚО көмірсутек ресурстарын барлау және өндірумен айналысады. Сонымен қатар 2008 жылдан бері тұрақты даму саласындағы қызметі туралы есеп беріп келеді.
Экологиялық стандарттар
ESG стандарттарының негізгі басымдылығы экологиялық құрамдас бөлікке берілген. 2023 жылы компания 2037 жылға дейінгі Экологиялық тұжырымдаманы әзірлеп, оны КПО-ның Жасыл стратегиясы мен «КПО 365» бизнес-стратегиясының негізіне қосты.
Стратегия бес негізгі бағытты қамтиды: парниктік газ шығарындыларын азайту, энергетикалық стратегия, өтемдік стратегия, су ресурстарын басқару және қалдықтарды басқару. Экологиялық аспектілерді басқару үшін КПО EnvAR цифрлық жүйесін қолданады.
Адам құндылығы
Адам капиталының дамуы және қауіпсіз әрі саламатты жұмыс ортасын құру – ESG талаптарының негізгі құрамдас бөлігі. 2023 жылдың соңындағы мәліметтерге сүйенсек, КПО-да 4080 адам жұмыс істеді. Қызметкерлердің барлық санаты бойынша жалақының орташа өсуі 13%-ды құрады, ал жергілікті кадрлардың үлесі техникалық лауазымдарда 98%-ға, басқарушылық лауазымдарда 86%-ға жетті.
Толығырақ ақпарат – КПО ESG 2023 есепте: «Диалог және серіктестік арқылы тұрақты даму».
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.»
баспасөз қызметі