04 Ақпан, 2015

КҮЛКІ КЕРУЕНІ №11

367 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

00000-satira-1

Әзіл-оспақ, сын-сықақ бұрышы   Бөлімді жазушы-сатирик Берік Садыр жүргізеді БІРДЕ... Орыс ғалымы Александр Бо­гомолец герантологиямен, яғни адамның ұзақ жасау мүмкіндігі мәселесімен түпкілікті айна­лы­сып, ол әр пенденің 150 жас жа­сау­ға толық мүмкіндігі бар деген тұжырым жасайды. Бұл пікірі Ста­линнің де құлағына тиеді. Ға­лым 1929 жылы - Украина, 1932 жылы КСРО ғылым ака­демиясының ака­демигі атақ­тарын алса, 1941 жылы Ста­лин атындағы сыйлықты, 1944 жылы Со­циалистік Еңбек Ері атағын иеленеді. Сөйткен ғалым 1946 жылы 65 жасында қайтыс болғанда, Ста­лин: – Әй, ит-ай, нағыз жүлік екен, бәрімізді алдап, тақыр жер­ге отырғызып кеткенін қарашы, – деген екен. * * * «Огонек» журналының бас редакторы Виталий Коротич СОКП Орталық комитетінің жаңа бас хатшысы Михаил Горбачевтің қабылдауында алғаш рет болады. – Иә, қалай екен? Не сөй­лестіңдер? – деседі оны сыртта тосып тұрған қаламдастары. – Жағдай қиын. Сөйлеуге бар, тыңдауға жоқ екен. Сірә, жел сөзбен ішімізді кептіретін шығар, – депті Коротич. *** Бернард Шоудың пьесасын Нью-Йорк театрында қоймақ болып, театр директоры авторға шығармасын сәл қысқартып беруін өтініп: – Ұзаққа созылар қойы­лымнан кейін көрермендер метропойызына үлгере алмай­ды, – дейді. Бірнеше күннен соң театр директоры Бернард Шоудан жедел хат алады. Онда: «Қысқартуға еш мүмкіндік жоқ, метропойыздың жүру тәртібін өзгертуге күш салыңыз», деп жазылған екен. * * * Кафеде екеу әңгімелесіп отыр. – Бүгін Марк Твеннің лекциясына барасыз ба? – Өзің ше? – Меніңше, бармай-ақ қойғаныңыз дұрыс. Оны нашар лектор деп естідім. – Кешіріңіз, мен баруға тиістімін. – Неге? – Өйткені, Марк Твен деген мен едім…   *Әзіл әңгіме АЙНАЛМАЛЫ ӘТКЕНШЕК Михаил Зощенко. Тегінде, ағайындар, тегінге көшуді біраз уақытқа кідірте тұруға тура келеді. Әзірше ерте секілді. Мәселеңки, кейбір нәрсе тегін-ақ болсын дейік. Онда біз қанағат дегенді тарс естен шығарамыз. Егер тегінге көшетін болсақ бар ғой, барлық нәрсе бірден тегін болуы керек деп ойлаймын. Бірінші май мерекесі кезінде алаңға айналмалы әткеншек кұрды. Әлбетте, халық деген тарпа бас салды. Солардың ішінде ауылдан келген бір жігіт бар еді. — Немене, тегін бе?— деп сұрады ол. — Тегін. Әлгі жігіт ағаш атқа мініп алып, қане, түссінші. Жаны жай таба жаздағанша айнала берді, айнала берді. Өздігінен түсетін емес. Жұрт оны әткеншектен әрең түсіріп, жерге жатқызды. Біраздан кейін өзіне-өзі келген ол: — Әлі айналып тұр ма?— деді. — Иә, айналып тұр. — Онда тағы бір рет... Қанша дегенмен... тегін ғой, — деп ағаш атқа қайта мінді. Бес минуттан кейін оны қайта түсірді. Тағы да тыритып жерге жатқызды. Байғұс ішек-қарны ақтарылғанша құсты кеп, кұсты кеп… Сондықтан, ағайындар, тегінге көшуді әзірше кідірте тұруға тура келер, сірә. 1926 жыл.     Күллі әлемнің күлкісі – Тәке, ана көршіні түрмеге қамаған ба? – Иә, рас, алып кетті. – Ол маған: « Екі жылға алыстағы ағама барамын» деп еді... – Онысы да рас, ағасы да түрмеде отыр. *** Брежнев кабинетіне кірген Сусловқа: – Жолдас Суслов, сіз менің «Тың» атты кітабымды оқыдыңыз ба? – дейді. Сасып қалған Суслов: – Оқығанда қандай, Леонид Ильич, екі қайтара оқып шыққанмын, – деп кетуге асығады. – Кіруіңізден кетуіңіз жылдам болды ғой? – дейді Брежнев. – « Тыңыңыз» ғажап кітап, үшінші рет оқып шықсам ба деп тұрғаным, – деп шыға жөнеледі. Сонда  Леонид Ильич ойланып: «Ойпыр-ай-ә, бәрі ғажап кітап дейді... қой, оны мен де оқып тастайыншы», – деп «Тыңды» қолына алыпты. *** Алыс жолға шыққан шопыр жол тосып тұрған келіншекті серік етіп ала кетеді. Біраз жүріп қараңғы түсе бастағанда шопыр көлігін тоқтатып: – Мотор істен шықты, «түнеп» алып қозғалмасақ болмас... – дегенде, келіншек: – Тездетіп «түнеп» алып, кідірмей жүре берсек, болмас па екен?.. –деген екен. *** Шаруа бітіп шалқалап жатқан ер мен әйел тіл қатысады. – Күнім, мен сені Ева деп атайыншы? – Неғып? – Өйткені, өзің – алғашқы махаббатымсың. – Жәрайды. Ал мен сені « Москвичім» деп  еркелетейінші. – Не үшін? - Себебі, сен менің 412-шімсің...