Фото: depositphotos.com
Жәрдем керуеніне су тасқынан зардап шеккен өңір тұрғындарына қажет киім-кешек, ас-су, санитарлық-гигениалық заттар мен көрпе-көпшік, дәрі-дәрмектер жеткізілді.
Мемлекеттік - күштік құрылымдар да қарап қалмады. Әскерилер су басқан өңірлерді аршу, құтқару жұмысына білек түре араласты. Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшақтары арқылы шалғай ауылдарға қажет тұрмыстық заттар мен күрек, қап, маторлы қайық сынды құралдар тасымалданды.
ТЖМ көктемгі су тасқыны тұсында Республика бойынша 8 189 тұрғын үй мен 2 988 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылғанын хабарлады.
Ал зардап шеккен өңірлерге әуе, теміржол және автокөлікпен 7 мыңға жуық тонна гуманитарлық көмек жеткізілген.
Ерікті болу - жүрек қалауы
Биыл шілде айында Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп, «Игі істер марафоны» жобасын жүзеге асырды. Бұл бірегей жоба отандастарымыздың волонтерлік, қайырымдылық іспен айналысуына ықпал етті. Жоба аясында күнтізбедегі маңызды күндерге, халықаралық және түрлі әлеуметтік және мәдени тақырыптарға арналған «Жақсылық апталығы» мен жыл сайынғы тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Жалпыұлттық жоба аясында ел азаматтары 4000-нан аса игі іс жасаған. Қайырымдылық шаралары экология, инклюзия сынды түрлі бағытты қамтыған. Марафон 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасты.
«Ардагерлерді ардақтайық»
«Ардагерлерді ардақтайық» Amanat партиясының жобасы өңірлерде сәтті жүзеге асып жатыр. Жоба аға буын өкілдеріне, зейнеткерлерге, еңбек және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетуге бағытталған. Қысқы күндері белсенділер ардагерлер мен жалғызбасты қарттардың үйлері мен аулаларын тазалап, көмек көрсетеді. Сонымен қатар, белсенділер ардагерлердің жағдайын біліп, азық-түлік себеттерін табыстап, мекенжайлық көмек ұйымдастырады. Жоба аясында қарттарға тегін медициналық көмек те көрсету дәстүрге айналған.
«Мектепке жол акциясы»
«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аударылады.
Акцияның аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алуды көздейді. Биылғы оқу жылында да бұл игі шара жалғасып, талай оқушының қатарынан қалмай мектеп табалдырығын аттауына сеп болды.
«Halyk» банк ұйытқы болған игі істер
Halyk банк 100 жылдық мерейтойы аясында жыл бойы бүкіл Қазақстан аумағында денсаулық, білім беру, мәдениет және экология саласында қоғамдық маңызы бар жобалар мен әлеуметтік бастамаларды іске асырды. «100 игі іс» акциясы аясында Halyk банк Алматы мен Астанадағы жеке үйлерді газдандыруға үлес қосты.
Былтыр қазақстандықтарға сыйлық ретінде көптеген ойын-сауық, әлеуметтік-мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырды. Оның ішінде әз-Наурызды атап өтуге ерекше екшеуге тұрарлық.
Қостанай облысы Жітіқара ауданында инватакси жүруіне де банк сеп болды. Бұл қызмет түрі «100 игі іс» кең ауқымды акциясы аясында Жітіқарадағы «Мүгедектер достастығы» қоғамдық бірлестігі мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ облыстық филиалының қолдауымен жүзеге асты.
Банк араласып халық игілігіне берілген әлеуметтік нысандар да тұрғындарды қуантқанын атап өткен жөн.