Елорда • 30 Желтоқсан, 2024

31 желтоқсан күні елордада қандай іс-шаралар өтеді

1102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 желтоқсан күні түстен кейін Астанада отандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік жаңа жылдық концерттер өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

31 желтоқсан күні елордада қандай іс-шаралар өтеді

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Алматы ауданында Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Оқушылар сарайының аумағында, Байқоңыр ауданының Ататүрік саябағының аумағында, Нұра ауданындағы Орталық саябақта және Сарыарқа ауданының «Көктал» саябағында сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін мерекелік концерттік бағдарламалар өтеді.

Сарайшық ауданында Промышленный тұрғын алабында жаңа жылдық бағдарлама сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін өтеді.

Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш орнында мерекелік іс-шаралар өтеді.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда (қала әкімдігінің алдында), «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңының аумағында отандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Іс-шараларға эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев, Ауree, Еркеш Хасен, Бейбіт Қорған, Қайрат Баекенов, Зарина Омарова, Ильхан Ихсан, Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, сол сияқты Заман және Меломен топтары және басқа да әртістер қатысады.