01 Мамыр, 2015

Солтүстікқазақстандық майдангерге обелиск орнатылды

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
01.05.2015 SKO-4ПЕТРОПАВЛ. 1 мамыр. Қызылжар ауданының тумасы, Кеңестер одағының Батыры  Филипп Чижиковке туған жері - Березовкада  обелиск қойылды. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады. Ф. Чижиков  соғысқа 1942 жылы  19 жасында  аттанаған.  Арнайы әскери  дайындықтан өтіп,  25-ші  дивизияға қарасты 81-ші атқыштар полкы құрамында бөлімше командирі болып тағайындалған.  Кіші лейтенанттар курсын  бітіргеннен кейін  атқыштар взводын басқарған.  Белгород, Харьков, Звенигород, Будапешт, Вена  қалаларын жаудан азат етуге қатысқан. Қанды шайқастардың бірінде ауыр  жараланғанына қарамастан  көрсеткен қахармандық ерліктері үшін  о 1944 Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп,  «Алтын Жұллыз» белгісі  мен Ленин ордені тапсырылған. 01.05.2015 SKO-5Майданнан оралған  соң Қызылжар өңірінің   ішкі істер органдарында ұзақ жыл мінсіз еңбек  еткен.  Алматы милиция мектебін тәмамдап, жауапты жұмыстар атқарған. Подполковник шеніне дейін көтерілген. Қызмет бабымен  Ресейге ауысып, өмірінің соңғы күндерін Воронеж облысында өткізген. Салтанатты  жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров,  Ішкі істер министрлігі ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал- майор Өмірзақ Болсамбеков,  кадрлар жұмыстары  бойынша департаменттің басшысы, полковник  Алтынғали Әбдіғалиев,  Түмен облысынан келген ішкі істер қызметінің ардагері  Владимир Борецкий, тағы басқалары сөйлеп,  обелискіге гүл шоқтарын қойды.  Марқұмның Воронеж қаласында тұратын қызы  Надежда Лесных  Жеңістің  70 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған  айтулы шараға деген  ризашылығын,  әкесінің көзі жұмыларда  қабірімнен туған жеріме бір уыс топырақ апар деген аманатын орындағанын  толқып жеткізді. Меймандар  мектеп жанындағы алаңқайда  Жеңіс аллеясының іргетасын қалап, көшеттер отырғызды. Бүгінде  облыста мектеп,  көше батырдың есімімен аталады. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан ОІІД-нің баспасөз қызметі.