Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Айта кетейік, 1969 жылы салынған орта мектептің ескі ғимаратында 140-тан астам бала білім алып жатыр. 55 жылдан бері білім ошағы ешқандай күрделі жөндеу көрмеген. Қазіргі уақытта мектеп апатты жағдайда атап айтқанда, су және кәріз құбырлары тозған, жылу жүйесі зақымданған. Жалпы, ғимараттың физикалық тозу деңгейі 40%-ды құрайды.
«Жаңа мектеп 200 орынға есептелген, 30 орындық шағын дайындық орталығы болады. Рудничный ауылында барлығы 1 мыңнан аса адам тұрады, оның 241-і мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар. Білім беру нысанының құрылысы орын тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізіп, балалардың заманауи талаптарға сай білім алуына қажетті қолайлы жағдай жасайды», делінген хабарламада.
Бұған дейін Үкімет Петропавлда балабақша, Атырау облысындағы Жамансор ауылында және Ұлытау облысының Мыңадыр стансасында мектеп, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін салуға, Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға және басқа да жобаларды жүзеге асыруға қаржы бөлген болатын.