Саясат • 01 Қаңтар, 2025

Сириядағы алғашқы сайлау төрт жылдан кейін өткізілуі мүмкін

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Башар Асад режімі төңкерілгеннен кейін Сирияда алғашқы сайлауды өткізу уақыты төрт жылға созылуы мүмкін. Ол үшін халық санағын жүргізіп, жаңа Конституция әзірлеу қажет. Құжаттарды даярлау үшін де үш жылға дейін уақыт кетеді. Бұл туралы Сирия Республикасының қазіргі басшысы Ахмед аш-Шараа мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сириядағы алғашқы сайлау төрт жылдан кейін өткізілуі мүмкін

Фото: ашық дереккөз

Reuters агенттігінің хабарлауынша, үкімет басшысы және көтерілістің басында тұрған «Хайят Тахрир аш-Шам» қозғалысы өзінің радикалды идеологиясынан алшақтағанын хабарлап жатыр.

Сонымен қатар аш-Шараа содырлар тобын таратуға уәде берді,  осы арқылы Сирия басшылығы санкцияларды алып тастайды деп АҚШ-қа үміттеніп отыр.

«Қайтадан қалыптасып алу үшін бізге біраз уақыт керек. Статистика жасау оңай нәрсе емес. Онсыз сайлау үдерісі ашық болмайды. Сондықтан сайлауға кіріспес бұрын, инфрақұрылымды дайындау керек. Сондай-ақ жаңа Конституция жазып, оны егжей-тегжей талқылау қажет.  Біз «Хайят Тахрир аш-шамды» таратамыз. Қару тек мемлекеттің қолында болуы керек. Қазір біз елдің солтүстігіндегі Қарулы фракциялармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз және тиісті шешім табамыз деп сенеміз», дейді Сирия Республикасы Әкімшілігінің басшысы Ахмед аш-Шараа.