01 Мамыр, 2015

Астаналықтар Қазақстан халқы бірлігі күнін атап өтті (фото)

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ERA_6756АСТАНА. 1 мамыр. Бүгін Астанадағы «Қазақ Елі» алаңында Қазақстан халқы бірлігі күні кең көлемде атап өтілді. Мерекеге орай ұйымдастырылған «Нұрлы жол – жеңіс жолы» атты шараға Елбасы да арнайы қатысты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Мемлекет басшысы жиналған халықты мерекемен құттықтап, ел алдында тұрған міндеттерді орындау үшін бірлікті сақтау керек екенін айтты. Шара барысында эстрада жұлдыздары ән-жырдан шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, елімізде тұратын халықтардың салт-дәстүрлері дәріптеліп, ұлттық өнері насихатталды. Дәл осындай, бірлік пен ынтымақты, келісім мен тұрақтылықты насихаттаған іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде өтуде. Астана қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, бүгінгі мерекеге орай қалада түрлі деңгейдегі 200 астам шара өтеді. Соның ішінде 35-і ірі мәдени шара екенін айта кетейік. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: Ерлан Омаров. ERA_6621 ERA_6627 ERA_6783 ERA_7310 ERA_7170 ERA_7181 ERA_7231 ERA_7248 ERA_7216 ERA_6633 ERA_7285