Сенат депутаты Ғ. Сарыбаев Мемлекет басшысы сыртқы саясатты жүргізуде орасан зор жұмыс атқарып келетінін атап өтті.
«Қазақстан көпжақты ынтымақтастық, жаһандық қауіпсіздікті нығайту және тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жоспарлы бастамаларды іске асыруда.
Қазақстан жаһандық аренада Қытай, Ресей және АҚШ секілді алпауыт мемлекеттермен қатар, орта державалармен ынтымақтастықты нығайта отырып, Еуразия аймағында бейбіт өмірді қалыптастырып келеді.
Орта Азияда тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді, инвестиция салуға жайлы орта құрады, халқымыздың өмір сүру сапасын арттыратын болады.
Ана баласымен, бала анасымен бейбіт заманда өмір сүрсін! Ана тіліміз аман, еліміздің іргесі берік, шаңырағы биік болсын! Жаңа жыл елімізге құт - берекесін ала келсін!», деп жазды депутат.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Аna tili» газетіне кең көлемді сұхбат берген еді.