Әлем • 05 Қаңтар, 2025

БАӘ-де отау құрмақ болған жұптар генетикалық тестілеуден өтуге міндеттелді

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірліктерінің Денсаулық сақтау министрлігі некелесу алдында жұптар генетикалық тестілеуден өту керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.

БАӘ-де отау құрмақ болған жұптар генетикалық тестілеуден өтуге міндеттелді

Фото: Ашық дереккөз

Айта кетейік, бұл заң 1 қаңтардан бастап күшіне енген. Бұған дейін жұптар некелерін қидырар алдында медициналық тексерістен өтуі тиіс болған. Ал генетикалық тестілеуден өту әркімнің өз еркінде болатын.

2022 жылы Әбу-Дабиде 800-ден астам жұп қатысқан Эмират геном бағдарламасының пилоттық кезеңі басталған. Осы зерттеуге сәйкес, генетикалық үйлесімділікке 86% жағдайда қол жеткізілген. Ал генетикалық нәтижелерге негізделген 14% жағдайда қосымша медициналық көмек қажет болған.

БАӘ-де талап етілетін генетикалық тест 840-тан астам аурумен байланысты 570 генді қамтиды, бұл ерлі-зайыптыларға отбасын жоспарлау кезінде денсаулықтары туралы негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар

Қоныстой берекесі

Қоғам • Бүгін, 11:23

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:07

Қала мен дала қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 11:00