Оқиға • 05 Қаңтар, 2025

Ақмола облысында 95 көлік соқтығысқан: апаттың себебі айтылды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Магомед Ахриев Ақмола облысындағы тас жолда 95 көлік зақымданған ірі апатқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында 95 көлік соқтығысқан: апаттың себебі айтылды

Фото: Ашық дереккөз

«Бұл оқиға туралы айтсақ, біздің мәліметіміз бойынша апатқа көлік тізбегіне ілескендердің жылдамдық режимін сақтамауы себеп болғанын ғана айта аламын. Біздің жол-көлік оқиғасының себебін анықтайтын өкілетіміз жоқ. Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп, апат себептерін анықтап жатыр», деді ТЖМ өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қаңтарда Ақмола облысындағы Астана-Щучье тас жолында 95 көлік ірі жол апатына ұшыраған. Оқиға салдарынан 20 адам зардап шеккен.

Соңғы жаңалықтар

Қоныстой берекесі

Қоғам • Бүгін, 11:23

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:07

Қала мен дала қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 11:00